Выйти
RU

Елімізде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 15-науқас туралы жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында бүгін Covid-19 инфекциясынан қайтыс болған 15-науқасқа қатысты жаңа мәліметтер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 12 сәуірде Жітіқара қаласының тұрғындары 1945 жылы туған ер азамат пен 1955 жылғы әйел адам жағдайларының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен.

75 жастағы ер адамда дерттің алғашқы белгілері 5 сәуірде пайда болған, алайда ол ауруханаға бармаған.

Пациент медициналық мекемеге пневмония диагнозымен жатқызылған. Анализ нәтижесінде одан Covid-19 инфекциясы бар екені расталған.

15 сәуір күні ер адамның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған. Дәрігерлер марқұмды құтқару мүмкін болмағанын жеткізді.

Белгілі болғандай, коронавирус инфекциясынан ер адамның полисемантикалық пневмониясы өрши түскен.

Ал 1955 жылғы әйел адам ауруханада емделуде. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Ведомство мәліметінше, пациенттермен байланысқа түскендердің барлығы анықталып жатыр.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1275-ке жеткен. Олардың бесеуі осы Қостанай облысынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 15-науқас туралы жаңа дерек шықты