Выйти
RU

Оңтүстік Корея пандемия кезінде жалпыға бірдей сайлау өткізіп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

15 сәуір күні Оңтүстік Кореяда парламенттік сайлау басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин. Фото: Aljazeera

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин. Фото: Aljazeera

Таңертеңнен бастап 14 мың сайлау учаскесінде сайлау бастау алды. Негізгі күрес "Тобуро" басқарушы демократиялық партиясы мен болашақтың Біріккен консервативті партиясы арасында болмақ.

Учаскеге келген дауыс берушілер міндетте түрде медициналық маска тағып, дене қызуын тексертуі тиіс. Одан бөлек, оқиға орнында дене қызуы 37,5 градустан көп адамдарға қызмет көрсететін арнайы кабинеттер жұмыс істеп тұр.

Барлық дауыс берушілер қолға арналған залалсыздандыру құралдарын және қолғапты пайдалануы, сондай-ақ, 1 метр арақашықтық сақтауы тиіс.

Ұлттық сайлау комиссиясының ақпарынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де сайлаушылар саны жалпы халықтың 8 пайызын құраған. Оңтүстіккореялық азаматтардың ең көп бөлігі 10 және 11 сәуірде өткен Ұлттық жиналысқа сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру кезінде сайлау учаскелеріне барған. ҰСК мәліметтері бойынша, оған 11,7 млн адам немесе тіркелген сайлаушылардың 26,69% - ы қатысты.

Олардың ішінде 2800-ге жуық коронавирус жұқтырған науқас болған. Оларға ұлттық сайлау комиссиясы арнайы сайлау учаскелерін ұйымдастырып, пошта арқылы дауыс беруге мүмкіндік ұсынды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Карантиндегі 13 000-нан астам адам дауыс беру үшін тіркелді және оларға мұны басқа сайлаушылар учаскелерден кеткеннен кейін бір сағат ішінде жасауға рұқсат етілді.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық дәрігер коронавирусты лотереяға теңеп, кімге қалай әсер ететіні белгісіз екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Корея пандемия кезінде жалпыға бірдей сайлау өткізіп жатыр