Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бойлары ұзын, сұлу": БАӘ-ден жеткізілген қазақстандық қыздар үйлеріне қайтарылуда

Опубликовано:

Талдықорған әуежайы арқылы Біріккен Араб Әмірліктерінен елге жеткізіліп, Талдықорған мен Текелі қалаларында арнайы орындарда оқшауланған 135 отандасымыз өз тұрғылықты өңірлеріне қайтарыла бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты
Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты: Facebook

Ведомство мәліметінше, елге келгенге дейін де БАӘ-де бірнеше күн карантинде болған жолаушылардың бәрінен тиісті анализдер алынып, қорытындысы таза болып шыққан.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы азаматтарды тұрғылықты жерлеріне тегін жеткізіп салу жұмыстары ұйымдастырылуда.

"Талдықорған мен Текелі қаласына жеткізілген 135 азаматтың 10 - Қостанай, 10 – Павлодар, 9 – Алматы, 8 – Шығыс Қазақстан, 6 – Ақтөбе, 5 – Ақмола, 4 – Жамбыл, 2 - Батыс Қазақстан, 2 – Маңғыстау, 2 – Қызылорда, 1 – Қарағанды, 1 – Түркістан облыстарынан, сол сияқты 31 – Алматы, 27 – Нұр-Сұлтан, 16 – Шымкент, 1 - Байқоңыр қалаларының тұрғындары.

Алдын ала тиісті облыстар мен қалалардың жедел штабтарына азаматтар туралы ақпараттар беріліп, қабылдап алу мәселесі келісілді. Олар арнайы көліктермен өз өңірлеріне жеткізіледі", - деп хабарлады әкімдік.

Ал аймақтағы белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова шипажайға арнайы барып, Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған отандастарымызбен тілдескісі келген.

БАҚ өкілі "Azattyq Rýhy" ақпарат агенттігіне шипажайда көрген жағдайды баяндап берді.

"Қыздардың қандай жұмыс істейтіндері туралы ешкім айтпайды. Бірақ барлығының бойлары ұзын, түрлері әдемі. Сұлу қыздар. Сол жерде жүрген күзетшілерге темекі, балмұздақ, шемішкі, "Coca Cola" сусынына тапсырыс беріп, жігіттер алып келіп жатыр екен. Бірақ бізді кіргізбеді, мен барып едім, кіргізбеді.  Бәрі қаздай тізіліп балкондарда тұр, темекілерін бұрқыратып. Әмірліктерде қайда жұмыс істегендерін кім білсін?", - деді ол.

Сандуғаш Дүйсенов бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында да жазды.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1275-ке жеткен.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.

Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850897-bojlary-zyn-slu-ba-den-zetkizilgen-kazakstandyk-kyzdar-jlerine-kajtaryluda/

pixel