Выйти
RU

Байланыста болғанын жасырған: Ақтөбеде вирус жұқтырған тұрғын сотталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырудың жаңа екі оқиғасына қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Анықталғандай, екі науқас та қауіпті инфекцияны бір адамнан жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pinterest.com

Көрнекі фото: pinterest.com

Бұл туралы Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, анықталған екі науқас та коронавирусты бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан туысынан жұқтырып алған.

Белгілі болғандай, коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға жатқызылған азамат туыстарымен байланысын жасырып қалған.

Бірінші сәуір күні карантинге жатқызылған ер адам оған дейін қонақта болып үлгеріпті. Ол тіпті сол үйде өз киімдерін тастап кеткен болып шықты.

Алайда, азамат басқа адамдармен байланыста болғанын дәрігерлерден жасырып қалған.

Нәтижесінде бір науқас коронавирус инфекциясын төрт адамға жұқтырып отыр.

Бұған дейін COVID-19 вирусы оның әйелі мен ұлынан анықталса, кеше және бүгін инфекцияны жұқтырып алған тағы екі адам тіркелді.

Бір адамның кесірінен оның отбасы және байланыста болған жандар осы дертке шалдыққан.

Ер азаматтың қауіпті вирусқа немқұрайлы қарағаны онымен жақын байланыста болған бес адамның ауруханаға жатуына әкеп соқтырды. Оған қоса, тағы 31 адамға үй карантині белгіленді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазіргі таңда, олармен байланыста болған өзге тұрғындарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жанұя дүкенге жиі шығып, айналасындағылармен жақын араласқан.

Бүгінде коронавирус жұқтырған отбасы мүшелері болған ғимараттар мен нысандарды дезинфекциялау іске асырылуда.

Одан бөлек, туыстарымен байланыста болғанын жасырып қалған ақтөбелік азамат ҚК 305 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Егер, оның жасырып қалу іс-әрекетінен кейін онымен байланыста болған адамдар көз жұмса, ер адамның жазасы 5-10 жылға ұзартылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміз бойынша коронавирус жұқтырудың 1275 оқиғасы тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Байланыста болғанын жасырған: Ақтөбеде вирус жұқтырған тұрғын сотталуы мүмкін