Выйти
RU

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет сау адамға егілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында алғаш рет сау адамға коронавирусқа қарсы тәжірибелік вакцина егілді. 44 жастағы америкалық Дженнифер Халлер вакцинадан алған әсерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ол басында қауіпті тәжірибеге қатысып жатқанын толығымен ұғынбаған көрінеді. Айтуынша, мРНК-1273 деп аталатын препараттың өзі тұмауға қарсы екпеге ұқсайды. Ол екпені егу кезінде ешқандай ауру немесе жайсыздық сезбегенін айтады.

Халлер сондай-ақ екпе жасалғаннан кейін қандай күйде болғанын айтып берді.

"Бірінші күні аздап қызуым көтерілді. Екінші күні қолым қатты ауырды, бірақ содан кейін жайсыздықтың барлығы кетті", – дейді ол.

The Telegraph басылымының ақпарынша, қауіпсіздік шаралары шеңберінде әйелді карантинде қалдырған. Біршама уақыттан кейін оған вакцина қайтадан егіледі.

Ғылыми тәжірибеге Халлерден бөлек, тағы 44 адамның қатысып жатқанын айта кету керек. Олар келесі жылдың көктеміне дейін дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, бұған дейін мРНК-1273 препараты жануарларға салынған. Сынақтар оң нәтиже көрсеткен соң ғалымдар оны адамға егіп көруге шешім қабылдады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сондай-ақ бұған дейін Гонконг университетінің ғалымдары коронавирустан айыққан адамдардың қанын құю арқылы жаңа науқастарды емдеуге болатынын мәлімдеген еді. Олар бұл әдістің негізінде кеміргіштерге ғылыми тәжірибе жасап, оң нәтижеге қол жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет сау адамға егілді