RU

Алматының бас дәрігері Әбілдаев кеңседе түнеп жүр

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев науқаспен жақын байланыста болғандықтан өз кабинетінде оқшауланғаны белгілі болды. Брифинг кезінде Әбілдаев өзінің кеңседе түнеп жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тілеухан Әбілдаев кеңседе түнеп жүр
Фото: Алматы әкімдігі: Instagram

Ол сондай-ақ 6 күн бұрын қалалық Орталық ауруханаға барған болатын. Ал бүгінгі күні ол мекемеден бірнеше ақ халатты ауру жұқтырғаны анықталып отыр.

Әбілдаевтың айтуынша, карантин енгізілгелі бері үш мәрте коронавирусқа тест тапсырған көрінеді, оның барлығының нәтижесі теріс болып шыққан. Сонда да ол әріптестері мен қала тұрғындардың өміріне қауіп төндірмес үшін кабинетінде 14 күнге оқшаулануды жөн санаған.

Қаланың Орталық ауруханасында медициналық қызметкерлердің ауру жұқтыру жағдайы тіркелген. Қазір аурухана карантинге жабылған, байланыста болған дәрігерлер шипажайларда тұрып жатыр. Ауруханада коронавирус жұқтырғандар пайда болған соң, мекеменің бас дәрігері жұмыстан қуылды. Алайда ол қызметінен өз қалауымен кеткенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 370 ауру жұқтыру фактісі тіркелген, оның 58-і індеттен айығып, жазылып шықты, екі адам көз жұмды. Әділбаевтың айтуынша, науқастар арасында алты бала мен үш жүкті әйел бар көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда орталық аурухананың 182 қызметкерінде коронавирус расталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850906-almatyny-bas-drigeri-bildaev-kesede-tnep-zr.html