Выйти
RU

220-ға жетті: Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны өсуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирустан тағы 13 адам жазылып шықты. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан айыққандар саны 220-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

15 сәуір сағат 15:10- дағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында 8 адам, Ақмола облысында 4 адам, Алматы облысында 1 адам КВИ-дан жазылған.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 220-ға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы 118, Алматы қаласы 58, Шымкент қаласы 2, Ақтөбе облысы 2, Алматы облысы 7, Атырау облысы 12, Ақмола облысында 8, Батыс Қазақстан облысы 1, Жамбыл облысы 3, Қарағанды облысы 2, Қызылорда облысы 4, Маңғыстау облысы 1, Павлодар облысы 1, Солтүстік Қазақстан облысы 1.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырудың жаңа екі оқиғасына қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Анықталғандай, екі науқас та қауіпті инфекцияны бір адамнан жұқтырған.

Бұл туралы Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, анықталған екі науқас та коронавирусты бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан туысынан жұқтырып алған.

Белгілі болғандай, коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға жатқызылған азамат туыстарымен байланысын жасырып қалған. Бірінші сәуір күні карантинге жатқызылған ер адам оған дейін қонақта болып үлгеріпті.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ол, тіпті, сол үйде өз киімдерін тастап кеткен болып шықты. Алайда, басқа адамдармен байланыста болғанын дәрігерлерден жасырып қалған. Нәтижесінде бір науқас коронавирус инфекциясын төрт адамға жұқтырып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
220-ға жетті: Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны өсуде