Выйти
RU

Банк және пошта қызметі жабылады: Оралда карантин шаралары күшейеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҚО облыс орталығында кезекті мәрте карантин шараларының күшейту туралы мәлім болды. Бұл шешім мұндағы коронавирус жұқтырғандар саны бір күнге 50%-ға өскен соң қабылданып отыр. Қазір аймақта COVID-19 инфекция жұқтырғандар саны 18-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралда карантиндік шаралар күшейеді

Фото: NUR.KZ

"16 сәуірден бастап Орал қаласында карантиндік шаралар күшейеді. Азық-түлік базарлары, банк және пошта қызметінің бөлімшелері жабылады.
Қалада көлік қозғалысын шектеп, адамдар үйде отыруы қажет", – деді БҚО мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Мұхамғали Арыспаев.

Қаулыға өзгеріс енгізілгелі облыс орталығындағы банктер мен пошта бөлімшелерінде ұзын сонар кезек пайда болды.

Бұған дейін Оралда кәмелет жасқа толмағандар мен жасы 65-тен асқан тұрғындарға далаға шығуға тыйым салынған болатын.

Карантин кезінде жұмысын жалғастырған барлық кәсіпорындар stopcovid.kz сайтында тіркелуге міндетті және оларда атқарушы органдар берген рұқсат қағазы болу тиіс.

Сондай-ақ сағат 21.00-ден 6.00-ге дейін жеке автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Айта кетейік, бүгін, 15 сәуір, таңертең коронавирус жұқтырған тағы 29 адам анықталған болатын, ондағы 6 науқас Батыс Қазақстан облысынан болып шықты.

Қазіргі кезге дейін БҚО-да 18 ауру жұқтыру фактісі анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Банк және пошта қызметі жабылады: Оралда карантин шаралары күшейеді