Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Кселл» елдегі ТЖ режимінде қалай жұмыс істеп отыр?

Опубликовано:

Пандемия салдарынан болған жаһандық карантин әлемде телекоммуникация саласының маңызын алдыңғы орынға шығарып берді. Дәл қазіргі минутта, дәл осы сәтте, әлем көз алдымызда өзгеруде.

«Кселл» елдегі ТЖ режимінде қалай жұмыс істеп отыр?

Мәселе біздің карантинде отырып, түрлі желілік контент көріп, достарымызбен желі арқылы және көптеген коммуникациялық байланыстар арқылы әлем бойынша әңгімелесе алатынымызда емес. Ең маңызды өзгерістер әлі алда. Мұндай жағдай орын алмағанда, аталған жаһандық сынақтар бизнесс-үдерістер саласында, коммуникацияда, оқу-ағарту ісінде, тіптен адам өмірінің барлық салаларында орын алар ма еді? Миллиардтаған адамның бір уақытта онлайн түрде қашықтан жұмыс істеуі, миллиардтаған оқушы мен студенттің бір мезгілде онлайн оқуы мүмкін болар ма еді?

Телекоммуникация саласындағы мамандар қазіргі жағдайды өсу нүктесі, адам нанғысыз мүмкіндіктердің туындауы деп қарау керектігіне күмән келтірмейді. Олар мұндай форс-мажорлық оқиғалар бірінші орынға телекоммуникациялық технологияларды шығарып, олардың дами түсуіне үлкен түрткі болады деп отыр. Дисраптор-сервистері, заттық интернетпен байланысты бүтіндей бір индустриялар, телемедицина, блокчейн, жасанды интеллект сынды ұғымдар сөзсіз дами түсіп, планетамыздың технологиялық және экономикалық бет-бейнесін өзгертетін болады.

Біз үйде телехикаялар көріп немесе қашықтан жұмыс істеп отырған кезде, бізге мұндай мүмкіндіктер беріп отырған жандар күшейтілген режимде жұмыс істеп, төтенше жағдай кезінде еңбек етуде. Байланыс операторларына түсетін жүктеме арта түсті. Әлбетте, бұл уақытша екені және карантиннен соң біздің интернетті қолдануымыз қалыпты режимге ойысатыны түсінікті. Дегенмен, қарапайым желі қолданушыларының көзіне көріне бермейтін техникалық «майданда» не болып жатыр және жақын болашақта бізді не күтіп тұр деген сұраққа «Кселл» АҚ Бас техникалық директоры Асқар Есеркегенов өз сұхбатында айтып берді.

- Аскар Алибекұлы, еліміздің көптеген тұрғындары үйде оқшауланып отыр. Карантин жағдайында желіге түсетін жүктемені қалай еңсеріп жатырсыздар?

- Әрине, еліміздің барлық дерлік тұрғыны күндіз-түні онлайн режимде отыратын жағдай туындайтынын болжаған жоқ едік. Егер бұған дейін желіге жүктеме түсетін уақыт әдетте кешкі мезгілге тура келсе, қазір таңнан түннің бір уағына дейіне ғаламторда отыратындар көбейген. Бұрын бұл өте үлкен көрсеткіш деп саналатын. Алайда біз штаттық режимде өте белсенді түрде жұмыс істеудеміз.

Біз тез арада бейімделіп, біздің мамандар тіпті қашықтан жұмыс істей отырып, тиімді нәтиже көрсетіп отыр. Біз тәулік бойы үздіксіз сараптама жасап, күнделікті желі сараптамасына сүйеніп, төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, қазақстандықтарға үздіксіз байланыс қызметін ұсынып отырмыз. Бұдан бөлек, Kcell желісінің жоғары дәрежедегі қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйе каналдарын кеңейтуді жалғастырудамыз. Әлбетте, бұл көп жағдайда біздің негізгі серіктесіміз «Қазақтелеком» АҚ қолдауы мен серіктестігінің арқасында мүмкін болып отыр.

- «Кселл» АҚ төтенше жағдай кезінде өз абоненттері үшін қандай жағдай ұсынуда?

- Біз өзіміздің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігімізге карантин кезінде ғана емес, кез келген уақытта өте мұқият қараймыз. Ал қазіргі кезеңде қазақстандықтардың бұл жағдайдан аман-есен шығуы үшін қолымыздан келгенін жасауға тырысамыз. «Кселл» компаниясы бірқатар өзекті әрі пайдалы қызметтермен қатар «Uide Bol» жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта жұмыста жүрген 3500 дәрігерге тегін байланыс және интернет ұсындық, қазақстандықтарға сайттар мен мобильді банкинг қосымшаларына тегін кіруге мүмкіндік беріп отырмыз.

«Кселл» елдегі ТЖ режимінде қалай жұмыс істеп отыр?

Сонымен бірге, біз қазіргі таңда шетелде жүрген бес мыңға жуық отандасымызға роуминг жүйесінде тегін дыбыстық хабарламалар мен интернет трафик ұсыну туралы шешім қабылдадық. Отбасынан жырақта, шетелде жүрген жандарға қаншалықты қиын екенін біз жақсы түсініп отырмыз. Аctiv және Kcell желілерінің абоненттері қазіргі күні 400-ден астам қашықтан оқыту сайттарына тегін кіре алады. Өзіміз де оқушылар мен студенттерді тәрбиелеп отырғандықтан, онлайн оқыту жүйесіне мәжбүрлі түрде өтудің не екенін де ұғынып отырмыз.

Сондықтан, қазақстандықтарға біздің желіні қолдану тиімді болу үшін барынша қолдан келгенді аяп отырғанымыз жоқ. Бұдан бөлек, «Uide Bol» сайтында COVID 19 туралы ақпарат беретін арнайы бөлім бар. Онда Денсаулық сақтау министрлігінің желісі мен шетелдегі азаматтарға арналған call-орталық нөмері ұсынылған. «Қазақтелеком» АҚ бірлесе отырып, біз Денсаулық сақтау министрлігі (1406) мен e-gov call-орталығының (1414) жедел байланыс желілерінің арналарын кеңейттік.

Бұл нөмірлерге хабарласу уақытының пайыздық көрсеткіші қазіргі уақытта сәйкесінше 97 және 99 %%-ға жетіп отыр.

Біз akorda.kz, primeminister.kz, parlam.kz, egov, coronavirus2020.kz, kundelik.kz секілді тағы да басқа көптеген сайттарды күндіз-түні сараптамадан өткізіп отырмыз. Жалпы алғанда, біздің абоненттер байланыс пен интернет үшін еш алаңдамаса болады. Біз туындаған жағдайды үлкен дайындықпен қарсы алдық. «Қазақтелекомның» қолдауының арқасында біз жоғары сапа стандарттарын сақтап қана емес, сонымен бірге жедел трафиктік каналдарымызды кеңейте алдық.

Қазақстандықтар үйде отырып, жұмыс істеуді жалғастыруы үшін немесе Bookmate онлайн-кітапханасы мен фильмдер топтамасына, MobiKino мен Mobi TV ТВ-пакеттеріне емін-еркін кіріп, демалуы үшін интернет пен дыбыстық трафиктің барынша жоғары деңгейін ұстап тұруға тырысатын боламыз.

  • Қазақстандағы мобильді байланыстың сапасы неге байланысты? Байланыс сапасына аумақ көлемі мен халық санының тығыздығы әсер етеді деген сынды пікірлер бар.

- Әлбетте, пайдаланушылар саны неғұрлым көп, ал аумақ көлемі аз болған сайын ұялы байланыс операторы үшін қызмет көрсетуді қамтамасыз ету соғұрлым жеңіл әрі арзан бола түседі. Қазақстан аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатыны белгілі (2,7 млн ш. км). Дегенмен, халық саны жөнінен 184 орында (18,5 млн-нан астам адам). Халық тығыздығына қарар болсақ, бір шаршы км-ге жеті-ақ адамнан келеді екен. Ал халық тығыздығы шаршы километрге 20-дан кем адамға тең елдер арасында кеңінен қолданылатын технология әзірге 3G ғана болып отыр.

Мәселе осында. Жалпы, Қазақстанда мобильді байланыс операторлары барлық тұрғынға бірдей интернетті қолжетімді ету мақсатын алдына әуелден-ақ қойған. Біз әлем операторларының ішінде интернетке қолжетімділікті 99%-ға дейін қамтамасыз ете алдық. Аумақты 3G байланысымен жабдықтау деңгейі бойынша Қазақстан Ресеймен қатар көш бастап келеді.

Жақын болашақта елдің барлық аумағын 4 G байланысымен жабдықтау үшін қазіргі күні қажырлы еңбек етудеміз. Бүгінде үш ірі мобильді байланыс операторы екі жыл ішінде тұрғын саны 250-ден асатын барлық елді-мекенді кең жолақты мобильді интернет қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру басталып кетті.

- Жаһандық экономикадағы пандемия салдарынан туындағы қазіргі жағдай телекоммуникация саласының дамуына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

- Ең алдымен, туындаған жағдайда қарамастан, біздің компания атынан «Кселл» даму қарқынын тежемейтінін айтқым келіп отыр. Бұған дейін мәлім еткенімдей, біз бүгінгі күні өз қызметтерімізді кеңейтіп келеміз. Компанияның техникалық дамуына жауапты тұлға ретінде мен болашақта да даму қарқынын азайтудың еш себебін көріп отырған жоқпын.

Бұл жағдайды біз дағдарыс деп емес, жаңа мүмкіндіктерге ашылған жол деп қарастырып отырмыз. Әлем қарқынды даму үстінде. COVID 19 пандемиясы секілді айрықша жағдайда телекоммуникация индустриясы жаһандық көлемде бірінші орынға шығып отыр. Бұл тұста «Кселл» де аталған үдерістен қалыс қалмайды. Біздің компания бұған дайын.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850920-ksell-eldegi-tz-reziminde-kalaj-zmys-istep-otyr/

pixel