Выйти
RU

Алматыда тәулік бойы жұмыс істеген "боди массаж" орны әшкере болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда карантин кезінде жұмысын жалғастырып, тәулік бойы қала тұрғындарына қызмет еткен массаж салондары анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин айтып берді.

Оның сөзінше, массаж салондары мегаполистің екі орталық ауданында орналасқан.

“Массаж салондарының басшылары мен олардың қызметкерлері массаж қызметін көрсетуді жалғастырып, карантин кезінде клиенттерді қабылдаған. Бұл күндері олардың бизнесі “жасырын” жұмыс істеген.

Мекеменің есіктері тек сенімді клиенттерге және тек алдын-ала жазылу арқылы ашылыпты.

Белгілі болғандай, мұнда емдеу массажы емес эротикалық массаж жасалған. Екі салонның да иелері бірден әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін массаж жасаушылар да заңға сәйкес жауап беруі керек. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жолданды”, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тәулік бойы жұмыс істеген "боди массаж" орны әшкере болды