Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз де өмір сүргіміз келеді": Алматылық дәрігер аурухананың былығын әшкереледі

Опубликовано:

Алматы қаласында дәрігер-травматолог аурухананың былығын айтып, видео түсірді. Медицина қызметкері жазбасында бір айға жуық пациенттерді қажетті қорғаныс құралдарынсыз қабылдауға мәжбүр болғанын, бетпердені ауыстырмастан бір күн таққанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алматылық дәрігер қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілмегенін ашып айтып, құзырлы орган мен ел президентінен өз істеріне қатысты әділ тексеру жүргізуді сұраған.

Сондай-ақ ол өзі жұмыс істейтін мекемені ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі ауруханаларды тексеруді өтінген.

"Біз басында тек медициналық маскамен жүрдік. Ал пневмония, жөтелген науқастардың барлығы төтенше жағдай жарияланғаннан соң бізге ағылып түсіп жатты. Біз болсақ, бір маскамен жүрдік, түсінесіздер ме? Арнайы киім, арнайы маска, көзілдірік деген секілді қорғаныс құралдары бізде болған жоқ.

"Неге жоқ" дегенде, "келсе береміз" деп жауап берді. Қабылдау бөлімінде отыратын травматолог-дәрігер ретінде менің өз басым арнайы киімді тек 7 сәуірде алдым", - деп жанайқайын жеткізді медицина қызметкері.

Дәрігер әріптестерінің көбісі коронавирус инфекциясын науқастардан жұқтырып алғанын жасырған жоқ.

"Барлығы кеш болғанда осылай індет ошағына айналдық. Травматолог әріптестерімнің көбісі қауіпті дертті жұқтырды. Науқастардан, әрине. Мен 12 сәуірде тест тапсырғанмын, бірақ әлі жауап келмеді. Күтіп отырмын", - деп ашынды ол.

Ол тексеру жұмыстары еліміздің барлық ауруханаларында жүргізілу керек деген пікірде.

"Айтайын дегенім, тексеруді әділ жүргізсін. Біз жанұямыз үшін, бір-біріміз үшін уайымдаймыз. Біз де адамбыз. Ең дұрысы, коронавирус індеті тарап кетпесін демесе, Қазақстанның барлық ауруханаларын тексерсін. Қаладағы жағдай мынау, ал өңірлерде не болып жатыр, оны елестетудің өзі қиын? Мұнда жаппай дертті жұқтырғандардың барлығы карантинде, бәрі талдау нәтижесін күтіп, бір-біріміз үшін алаңдап отырмыз", - деді дәрігер.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1275-ке жеткен.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.

Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1850931-biz-de-mir-srgimiz-keledi-almatylyk-driger-auruhanany-bylygyn-skereledi/

pixel