Выйти
RU

Талдықорған әкімі карантин режимін бұзғандарға қатаң ескерту жасады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов тұрғындардың енгізілген шектеу шараларын қаншалықты ұстанып жүргенін анықтау үшін қала орталығына шығып, тексеру жүргізді. Рейд видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, taldykorgan.gov.kz

Фото: Видеодан кадр, taldykorgan.gov.kz

Жарияланған кадрларда облыс орталығы басшысы полицейлер мен басқа да құзіретті органдар қызметкерлерінің делегациясымен бірге жүргенін көруге болады. Олар қалалықтардың карантин режимін қаншалықты сақтап жүргенін анықтау үшін көшеге шыққан. Ғалымжан Әбдірайымов енгізілген тәртіпті бұзған кәсіпкерлерге, автобус жүргізушілері мен тұрғындарға ескерту жасаған. Көшеде медициналық маскасыз жүрген адамдарды да назардан тыс қалдырмаған. Желіде тараған жазба астында талдықорғандықтар жағдайға түрлі баға берді. Олардың бірі әкім бастамасын қолдаса, екіншілері шенеуніктер мейірбандық танытуы қажет еді деп есептейді.

"Кішкене дөрекілеу шығар, бірақ біздің халық сондай, жақсы айтқанды түсінбейміз", "Үйде отырып, аш қалыңдар" деп айтқысы келе ме? Жеткізуді тоқтатты, көшеде жүруге болмайды", "Барлық әкім осындай болса екен, әйтпесе адамдар түсінбейді", "Ай қайдам, дөрекі сияқты" деп жазды олар.

Әкімдік Sputnik Қазақстан тілшісіне аталған рейд шараларының барысын түсіндіріп берді. Анықталғандай, халыққа карантин мерзімінде тәртіпті сақтау мәселесін ұғындыру үшін профильді ведомство қызметкерлерінен 3 жұмыс тобы құрылған. Әсіресе, адамдарға тәртіп бұзушылыққа жол бермеу туралы айтылған, жекелеген жағдайларда ескерту жасалып, айыппұл санкциялары қолданылған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, Алматы облысы аумағына 15 сәуірден бастап карантин енгізілді. Өңірде 24 адам коронавирус жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Талдықорған әкімі карантин режимін бұзғандарға қатаң ескерту жасады (видео)