Выйти
RU

COVID-19: Италияда 116 дәрігер қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сейсенбі күні Италияда коронавирустан тағы төрт дәрігер көз жұмды. Осылайша, елде індеттен қайтыс болған ақ халаттылар саны 116-ға жеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: jacos.net

Көрнекі фото: jacos.net

FNOMCEO дәрігерлер гильдиясы федерациясының мәлімдеуінше, вирустан Луиджи Чириотти (зейнет жасындағы отбасылық дәрігер), Себастьяно Карбе (зейнет жасындағы дәрігер), Маурицио Бертаччини (отбасылық дәрігер) және Доменико Фатика (стоматолог) қайтыс болды. Көз жұмғандар арасында коронавирус жұқтырған пациенттер санының көбеюіне, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің жетіспеуіне байланысты жұмысқа оралуға тура келген зейнеткер дәрігерлер бар.

Assofarm президенті Венанцио Джиззи коронавирустан қайтыс болған италиялық фармацевтер санының 8 адамға жеткенін қосып айтты. Соңғы көз жұмған фармацевт - Антонио Тилли Флоренция маңындағы Понтассьеведе муниципалдық дәріхана директоры болған.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1290-ға жетті.

"15 сәуірдің 17:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелді, Алматы облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Алматы қаласында – 10 адам", - делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Италияда 116 дәрігер қайтыс болды