Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырған әр бесінші науқас - дәрігер

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы коронавирус жұқтырудың статистикасы әр бесінші науқастың дәрігер екенін көрсетіп отыр. Елде ақ халаттылардан жаппай COVID-19 инфекциясына тест алынуда және ауруханалардағы вирусқа қарсы шаралардың сақталуы тексеріліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған әр бесінші науқас- дәрігер

Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыруы әлемдік тенденция екенін айтады.

Оның сөзінше, ақ халаттылар науқастармен күнделікті байланысқа түскендіктен, қауіп-қатері жоғары топқа енеді. Қазақстандағы әр медициналық мекемеде қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалау бас дәрігерлердің міндетіне кіреді. Олар елдің басты санитар дәрігерінің емделушілер ағынын бөлу, қорғану құралдарын дұрыс кию және алып тастау туралы нұсқауларын сақтауы тиіс.

Енді қазақстандық медицина қызметкерлері толығымен тестілеуден өтпек, сондықтан ақ халаттылардың коронавирус жұқтыру статистикасы тағы да өсуі мүмкін.

"Бірінші кезекте қауіп-қатері жоғары топ- медицина ұйымдарымен жұмыс істейтін боламыз. Олар түгелдей дерлік тестілеуден өтеді. Бұл біздің дәрігер әріптестеріміздің қауіпсіздігін сақтау және ошақтарды анықтау үшін жүргізіледі. Өкінішке қарай, статистика өседі: біз әріптестеріміздің немесе науқастардың арасынан жаңа деректерді анықтайтын боламыз. Бірақ шараны міндетті түрде істеу керек, ошақтарды ауыздықтау үшін жаппай ақ халаттыларды тексеруіміз тиіс",- деді Надыров.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырған әр бесінші науқас - дәрігер