Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай Шымкент қаласында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, бұл ел аумағындағы коронавирус инфекциясынан болған он алтыншы, ал Шымкенттегі 3- қайғылы жағдай. Марқұм 1954 жылы дүниеге келген.

Осыған дейін Шымкентте қауіпті дерттен 56 және 58 жастағы екі азамат қайтыс болған. Алғашқысы азық-түлік тасыған көлік жүргізушісі болса, екінші жүк көлігінің жүргізушісі.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан болған 15- өлім Қостанай облысында тіркелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 12 сәуірде Жітіқара қаласының тұрғындары 1945 жылы туған ер азамат пен 1955 жылғы әйел адам жағдайларының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен. 75 жастағы ер адамда дерттің алғашқы белгілері 5 сәуірде пайда болған, алайда ол ауруханаға бармаған. Пациент медициналық мекемеге пневмония диагнозымен жатқызылған. Анализ нәтижесінде одан COVID-19 инфекциясы бар екені расталған.

15 сәуір күні ер адамның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған. Дәрігерлер марқұмды құтқару мүмкін болмағанын жеткізді. Белгілі болғандай, коронавирус инфекциясынан р адамның полисемантикалық пневмониясы өрши түскен. Ал 1955 жылғы әйел адам ауруханада емделуде. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ведомство мәліметінше, пациенттермен байланысқа түскендердің барлығы анықталып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850978-kazakstanda-koronavirustan-tagy-bir-adam-kajtys-boldy/

pixel