Выйти
RU

Денсаулық сақтау вице-министрі еліміздің коронавирус індетінің шарықтау шегіне өтіп жатқанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстан коронавирус эпидемиясының шарықтау шегіне өтіп жатқанына байланысты елде COVID-19-ға тексеру үшін жаппай тестілеу басталатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияның шегіне жеткенін мәлімдеді

Фото: NUR.KZ

Ақтаеваның сөзінше, қазіргі уақытта елімізде 19 зертхана күніне жаңа вирусты анықтауға арналған 6 000-ға жуық тест жасап шығаруда.

Вице-министр Қазақстанда сырқаттанудың қазіргі көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 7 пациенттен келетінін тілге тиек етіп, еліміздің індет жұқтыру шегіне жақындап келе жатқанын баса айтты.

"Эпидемияның шарықтау шегіне өтіп жатқанымызды есепке ала отырып, басқа елдердің тәжірибесіне сүйеніп, елімізде жаппай тестілеуді бастау керек. Ол үшін 3 жылжымалы, 4 тұрақты зертхана қарастырылған. Сондай-ақ, бұл жұмысты Алматы мен Нұр-Сұлтандағы "Олимп" зертханаларында іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деп мәлімдеді вице-министр.

Ақтаеваның айтуынша, Қазақстанда күніне 10 000 тестке дейін өткізіліп отырмақ.

Бірінші кезекте ЖРВИ-мен ауыратындар, медицина қызметкерлері, полицейлер, жабық кәсіпорын жұмысшылары, әлеуметтік орталықтарда, коммуналдық қызметтерде, пәтер иелері кооперативінде, көліктер мен азық-түлік дүкендерінде жұмыс істейтін қазақстандықтар тексерілетін болады.

Айта кетейік, Қазақстанда азық-түлік сатушылары қауіпті топқа жатқызылған, сондықтан оларға үнемі тексеріліп тұру керек.

Еске сала кетсек, экспресс-тестілер бұған дейін 64 қазақстандықтың жасырын ауру жұқтыру жағдайын анықтаған. Олардың қанынан вирусты жұқтырғаннан кейін 10-20 күні пайда болатын антидене табылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Денсаулық сақтау вице-министрі еліміздің коронавирус індетінің шарықтау шегіне өтіп жатқанын айтты