Выйти
RU

ҰБТ өткізудің "Б" жоспары әзірленіп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрлігінің мамандары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін карантиндік шектеулер алынбаған жағдайда сынақты өткізудің қосылқы жоспарын әзірлеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik порталына сілтеме жасап.

ҰБТ өткізудің "Б" жоспары әзірленіп жатыр

Фото: pixabay.com

Министрлік басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, тестілеу маусым айының соңы мен шілденің басында өтеді. Министр бұл уақытқа дейін барлық шектеу шаралары алынады деп сенеді.

Тестілеу белгілі бір шектеулермен болса да, қарапайым форматта өтеді деп жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Алайда егер коронавирус инфекциясының таралуы тоқтамай, еліміздегі төтенше жағдай режимі алынбаған жағдайда, министрлік қазірдің өзінде "Б" жоспарын әзірлеп жатыр деп жазады Sputnik Қазақстан.

Аймағамбетовтың сөзінше, IT саласының мамандары тестілеуді өткізудің қосымша нұсқаларын дайындау бойынша жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік осы жылы ҰБТ қарапайым форматта өтетінін мәлімдеген болатын. Тағы бір маңызды ақпарат – 2017 жылдан бері ЖОО-ға түсуге және оқу грантын алуға ҰБТ нәтижесі ескерілсе, ал қорытынды емтихандар аттестат алу үшін өткізіледі.

Одан өзге, бұған дейін оқушылардың қорытынды емтихан тапсырмайтындары белгілі болды. Қорытынды жыл көлеміндегі бағалар негізінде шығарылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰБТ өткізудің "Б" жоспары әзірленіп жатыр