Выйти
RU

Алматыда 182 дәрігер коронавирус жұқтырған аурухана гинекологы өз шындығын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

№12 орталық қалалық клиникасында медициналық қызметкерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң басшылық ауысты. Өз кезегінде ақ халаттылар бұрынғы директорды қайтаруды сұрап отыр. Ал олардың бірі коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін қалай білгенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыда 182 дәрігер коронавирус жұқтырған аурухана гинекологы өз шындығын айтты

Видеодан кадрлар: КТК

Арна хабарлауынша, олар санаторийдегі бөлмелерінен шығып, жұмыстан кеткен Алмас Джувашевті қайтаруды талап еткен. Сонымен қатар, ақ халаттылар әріптестерінің коронавирусқа тапсырған тест нәтижелері ауысып кеткенін мәлімдеген. Яғни, дені сау дәрігерлер коронавирусқа оң нәтиже алған.

Ал осыған дейін пікір білдірген Алмас Джувашевтің айтуынша, медициналық мекемеге күнде 200-300 науқас жүгінеді және қаладағы 2 клинканың жабылуына байланысты олардың саны күрт өскен.

Науқастардың көптігі мәселесін коронавирус анықталған гинекология бөлімі қызметкері баяндап берді.

Ол карантиндік орталықта жұмыс істеген ақ халаттыларға қарағанда, гинекология бөлімі қандай науқастармен байланысқанын білмегенін айтты.

"Көзді жұмып жұмыс істедік" ,- деді өкініш білдірген гинеколог.

Дәрігердің айтуынша, коронавирус анықталған қызметкерлер әлі нәтижелерді көрмеген. Медицина қызметкерлері тек тізіммен ауруханаға жатқызылған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, Алматыда медицина қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықтағаннан кейін қалалық орталық клиникалық ауруханасы залалсыздандыру үшін жабылды. Бұл туралы брифингте Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 182 дәрігер коронавирус жұқтырған аурухана гинекологы өз шындығын айтты