RU

Тұман, жаңбыр, жел: Еліміздің кей өңірінде шаңды дауыл күтілуде

16 сәуір күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, қалған аумақтарда күн райы ашық болады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тұман, жаңбыр, жел: Еліміздің кей өңірінде шаңды дауыл күтілуде
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай облысының кейбір аумағында тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл мен желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының бірқатар бөлігінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851038-tman-zabyr-zel-elimizdi-kej-irinde-sady-dauyl-ktilude.html