Выйти
RU

АҚШ-та бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та коронавирус жұқтырған науқастар саны күн санап өсуде. Соңғы мәліметтер бойынша, олардың саны 637 359 адамды құрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та тәулігіне 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Джонс Хопкинс университеті жұқтырғандар туралы жаңа статистиканы жариялады.

Көрсеткіштерге сәйкес, қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны, сонымен бірге оның салдарынан қайтыс болғандар күрт өсті. Мәселен, соңғы тәулікте, сарапшылардың пікірінше, Америкада 2494 адам көз жұмған.

Құрама Штаттарда зардап шеккендердің жалпы саны - 28 364 науқасты құрады. АҚШ әлемдегі жаңа вирусты инфекция саны бойынша көшбасшы болып қала беруде.

Алайда, статистикаға қарастан, Ақ үй басшысы Дональд Трамп елдегі аурудың ең жоғары деңгейінің артта қалғанын айтып, сендірді.

Америка президенті батыл әрекет оң нәтижелерге әкелетінін алға тартты деп хабарлайды Life.

Штаттарда оң динамиканың арқасында жақында кейбір шектеулер алынып тасталады деп болжанады.

Естеріңізге сала кетейік, Америка Құрама Штаттары COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 25 мыңнан асқан алғашқы ел болғанын хабарлаған едік.

АҚШ-та өлім деңгейі 4,86%-ға жеткен. Қазіргі уақытта бұл елде 30 мыңға жуық адам коронавирустың құрбаны болып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды