Выйти
RU

Алматыда дәрігерлерге арналған ақшаның қалай бөлініп жатқанын агенттік тексереді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мегаполисте дәрігерлерге демеушілік көмектің қалай бөлініп жатқанын тексермек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда дәрігерлерге демеушілік көмек қалай бөлінгенін жемқорлыққа қарсы агенттік тексереді

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ашық диалог" сайтындағы интернет-конференция аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері агенттік қызметкерлері қазір Алматыдағы сапа бақылау департаменті басшысының орынбасарын тексеріп жатқанын мәлімдеді. Ол сыйақы берілетін жұмысшылар тізімі қалай жасалатынын анықтайтын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Халық банкінің ақ халаттыларға көмек ретінде берген 33 мың теңгенің қалай бөлінгенін де тексереді. Заңнаманы бұзу дерегі тіркелсе, тиісті шешім қабылданатын болады.

Ведомствода мәлімдегендей, қазіргі уақытта демеушілік қаражатты бөлуде жемқорлық қылмыстың басқа фактілері тіркелмеген.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова өзіне ең көп мөлшерде сыйақы аударып алғаны туралы қауесетті жоққа шығарған еді. Сондай-ақ, ол Алматыда коронавирус жұқтырған ақ халаттылар қауіпсіздік шараларын сақтамаған болуы мүмкін деген нұсқа келтірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда дәрігерлерге арналған ақшаның қалай бөлініп жатқанын агенттік тексереді