Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еспанов бастаған жұлдыздар 500-ден аса отбасыға азық-түлік таратты (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Нұрлан Еспанов өнердегі өзге әріптестерінен қалыспай, карантин уақытында отандастарына барынша көмектесіп жатыр. Әнші әрі композитор ел басына туған жағдайда бес жүзден аса мұқтаж отбасыларға азық-түлікке толы қоржын таратып, оларды қуантты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/espanov_n/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/espanov_n/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрлан Еспановтың Instagram парақшасында оның қиын жағдайға тап болған отбасыларға азық-түлік беріп жатқан сәтінен видео пайда болған.

Анықталғандай, бұл игі бастаманы әнші өзі ғана емес, бір топ жанашыр және жомарт азаматтармен бірге іске асырған. Олардың арасында Асхат Тарғын, Абай Бегей мен Кенжебек Жанәбілов секілді әншілер де бар.

"Күллі әлемді әбігерге салып, қорқынышқа бөлеп отырған індет біздің елді де айналып өтпегені ақиқат. Қырық жыл майдан болса да қасқайып, жауға төсін бір үйдің балаларындай бірге тосатын, бірлігі мығым халық мына біздер. 

Жетімін қаңғыртпаған, жесірін жылатпаған ұлы халқымыз ықылым заманнан бері, әр қазақ менің жалғызым деп қайырымдылыққа ерекше мән берген елміз.

Міне, бағзыдан қалған баба дәстүрі бүгінгідей қиын қыстау, адамзат алдында азаматтық сынға түскен уақытта "әль хаят"  сауда белгісінің ұжымының және ұжым басшысы Ернар бауырымыздың ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Айтулы игі шара Ернар бауырымыздың айналасын қоршаған адал жандармен, елдің сүйікті әнші ұлдарымен қолдау тапты. 500-ден аса отбасыға арнайы азық-түлік толтырылған қожын тарту етілді. 

Бұл теңізге тамған тамшыдай тірлік қана. Бірақ, сондай тамшылар толағай теңізді құрайды емес пе. Бұл дерт жұққанымен,  осындай ұлтым деп тұрған ұлдар барда жықпайтыны сөзссіз. Алаштың арда туған азаматтары бар да, туымызды ешкім жықпасы анық. Бір байрақтың астында- Біз біргеміз" , - деп жазды өнер иесі.

Желідегілер әншінің игі ісіне тәнті болып, оған деген жылы лебізін білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов пен Меруерт Түсіпбаеваның коронавирус мәселесіне қатысты сөзге келіп қалғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851059-espanov-bastagan-zldyzdar-500-den-asa-otbasyga-azyk-tlik-taratty-video/

pixel