Выйти
RU

Карантин кезінде жұмысын жалғастырған жезөкшелер қолға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көкшетау қаласында карантин шараларының күшейтілгеніне қарамастан, күндіз-түні жұмыс істеп тұрған саунада өз қызметтерін көрсеткен жезөкшелер қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Телеарна мәліметінше, саунада 21-25 және 28 жастағы үш қыз интимдік қызмет көрсетіп, табыс тауып келген.

Оларды бұл жерге көкшетаулық азамат жеке көлігімен жеткізіп жүргені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай тәртібін бұзған сауна қожайынын, жезөкшелерді, жүргізушіні және 49 жастағы әкімшіні де жазаға тартуды көздеп отыр.

Осыған байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук пікір білдірді.

"Олар төтенше жағдай режимін бұзды. Қазір карантин күшейтіліп, тіпті далаға рұқсатсыз шығуға болмайды. Осы саунаға қатысты 6 адамға әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушінің "Тайота Камри" көлігі айып тұрағына қойылды. Интимдік қызмет көрсетіп жүрген 3 қыз жезөкшелер санаты бойынша есепке қойылды", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде жұмысын жалғастырған жезөкшелер қолға түсті