Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағдыр деген нәрсе бар": Шахизада екінші рет үйленген ұлын сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова жалғыз ұлының екінші мәрте отбасын құруына қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі перзентін ажырасып кеткені үшін сөккен халыққа жауап беріп, екі некеде туған үш немересін де бірдей жақсы көретінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/shahizada.art. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/shahizada.art. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шахизада Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, отбасына керағар пікір жазушыларды орнына қойды.

"Біз баламызды дүниеге әкелгенмен оның болашақтағы тағдырын жасай алмаймыз. Бұл әлемде "балам жаман болсын" дейтін ата-ана жоқ шығар.

Әрбір ата - ана балам жақсы болса, болашағы жарқын болса деп тілейді. Кешегі постыма біраз пікір жазып тастаған екенсіздер. Біз, адамдар, айта береміз ғой ия. Бірақ біздің емес, Жаратушының қолында тұрған тағдыр деген нәрсе бар.

Әр адам маңдайына жазылған тағдырымен өмір сүреді. Шүкір, Алланың маған берген үш немересі бар. Үшеуін де бөліп - жармай, жанымнан артық жақсы көремін.

Өз қаныңнан жаралған тәп-тәтті бөбектерді бөліп қарауға біздің құқығымыз да жоқ.

Біреудің өмірін талқылауға, тағдырына сырттан болжам айтып, сөз қылуға да құқылы емеспіз деп ойлаймын. Себебі алдымызда не болары тек жаратушыға аян" , - деп жазды өнер иесі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851076-tagdyr-degen-nrse-bar-sahizada-ekinsi-ret-jlengen-lyn-skkenderge-zauap-berdi/

pixel