RU

Жеңіс Ысқақова: Оқушы кезімде түс көрдім, сол күні әкемнің өлетінін білдім

Қазақ эстрадасының жұлдызы Жеңіс Ысқақова марқұм әкесін есіне алып, көзіне жас алды. Үйдің еркесі болып өскен әнші оқушы кезінде аян түс көріп, әкесінен айрылатынын білген болып шықты. Өнер иесі алғаш рет отбасы туралы сұхбат беріп, жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"18 жасқа дейін еркелетті ғой. Бірақ, он сегізге келгенімде әкем аяқ астынан ауырып, екі айдың ішінде 56 жасында өмірден өтті де кетті. Сол кезде есейеді екенсің.

56 жасында жас жігіттей болды. Ауырмаған еді. Сөзі аз, жұмысына барып келетін кісі болған. Оның басты мақсаты - балаларының қарнын тойдыру. Өзі аңшы болды. Даланың академигі дер едім оны.

Әкем кенеттен қатты ауырып, ауруханаға жатты. Кейін емханадан "болмайды" деп шығарды. Үйге қайта алып келдік. Сол жатқаннан төсек тартып жатып қалды.

Өзімнің қолымнан кетті. Қасында отырдым. Жүрегі мықты екен. Тілі келмей қалды, бірақ қолымнан қыса берді. Мен ішіндегі мұңын айтып жатқанын түсіндім.

Әкем кетер алдында бір еңсесін көтерді. Әдемі болып кетті. Анам қатты қуанды. Әкем жазылды деп ойлады.

Бірақ, мен түс көрдім. Түсімде әкемді алып кетті. Содан әкем жазылмайтынын, қоштасатынын түсіндім. Іштей дайын болдым" , - деді Жеңіс Ысқақова.

Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс Ысқақова бұрынғы келініне қатысты бар шындықты айтқан болатын. Өнер иесі ұлы мен оның жарын татуластыруға тырысқанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851078-zeis-yskakova-okusy-kezimde-ts-krdim-sol-kni-kemni-letinin-bildim.html