RU

Павлодарда карантинге жабылған жатақхана тұрғындары дәрігерлерге пышақ ала жүгірді

Павлодардағы жатақханада коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін түнде жанжал басталған. Оқиға орнына полиция мен санитар дәрігерлер үйді жауып, сараптама жүргізу үшін барғаны белгілі болды. Алайда бұған бәрі бірдей түсіністікпен қарамаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда карантинге жабылған жатақхана тұрғындары дәрігерлерге пышақ ала жүгірді
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Дәрігерлер жатақхана тұрғындарымен жұмыс жасауда қиындықтарға тап болды. Себебі, барлық адамдардың жағдайға түсіністікпен қарамағаны айтылды.

Эпидемиологиялық бақылау тобының жетекшісі дәрігерлерге пышақ ала жүгіргендер де болғанын жасырған жоқ.

Алғашқы күні мамандар байланыста болған 54 адамды анықтай алған, бірақ медициналық дәрігерлер бұл санды нақты емес деп отыр.

Көпқабатты үйдің 50 жастағы тұрғынынан вирус анықталғаннан кейін дәрігерлер онымен байланыста болғандарды анықтай бастады. Жұмыс таңғы 4-ке дейін жүргізілген.

"Бұл жатақхана ғой. Оқшаулану мүмкін емес деп айтуға болады. Біріншіден, біз белсенді байланыста болғандарды анықтай бастадық, оның арасында балалар да бар. Адамдар ол жерде бір қолжуғышты бірге пайдаланады", - деді бақылау тобының жетекшісі Сәуле Оспанова.

Еске салсақ, 14 сәуірде Павлодарда COVID-19 инфекциясының тағы бір оқиғасы анықталды. Вирус жатақханада тұратын 50 жастағы әйелден табылған.

Ол бірнеше күн бойы үйде ЖРВИ белгілерімен жатқан. Ауруханаға түскеннен кейін оған екі рет коронавирус инфекциясына тест тапсыру керек болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851079-pavlodarda-karantinge-zabylgan-zatakhana-trgyndary-drigerlerge-pysak-ala-zgirdi.html