Выйти
RU

Тұрғындары дәрігерлерге шабуылдаған жатақханада екі науқас анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 13-ке жетті. Тағы екі науқас Мира көшесінде орналасқан жатаханадан анықталды. Павлодар қаласындағы ғимараттың карантинге жабылғанына екі күн болған. Онда дәрігерлер тұрғындардан анализ алған болатын. Соның нәтижесінде екі адамнан вирус табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ, көрнекі фото: pixabay.com

Фото: NUR.KZ, көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 26 жастағы ер адам мен 62 жастағы зейнеткер. Екеуі де қауіпті дертті анықталған жатақхана тұрғынымен байланыста болған.

Олар арнайы стационарда емделуде.

Одан бөлек, жалпы 6 адам карантиндік ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта мамандар вирусты жұқтырғандармен байланысқа түскендерді анықтау және тұрғындарды оқшаулау жұмыстарымен айналысуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін Павлодарда карантинге жабылған жатақхана тұрғындары дәрігерлерге пышақ ала жүгіргенін жазған болатынбыз.

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1341-ге жетті. Олардың он үші Павлодар облысында анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұрғындары дәрігерлерге шабуылдаған жатақханада екі науқас анықталды