Выйти
RU

Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері 1,7 млрд жымқырды деген күдікке ілінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана халықаралық әуежайы" АҚ тергеуінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Әуежайдың бас бухгалтері ірі көлемде ақша ұрлады және миллиондап пара берген деген күдік бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандағы әуежайдың бас бухгалтеріне 1,7 млдр теңге жымқырды деген күдік бар

Фото: NUR.KZ

Іздестіру амалдары бойынша бас есепші лауазымды тұлғаларға 16 млн теңге пара беріп, сол ақша мекемеде тексеру өткізбеуді кепілдендіргені белгілі болды.

Сондай-ақ, есепші миллиардтап ақша ұрлаған деген күдікке ілінді, ол 1,7 млрд теңгені компанияның ондаған түрлі шоттарына аудару арқылы жымқырған деген болжам жасалды.

Әуежай ісі бойынша соттың бір шешімі шықты. Әуежайдағы басқарма басшысы салғырттығы үшін сотталды.

Еске сала кетсек, қазір елордадағы әуежайдың аты өзгерген. Бұрын әуежай "Астана" деп аталса, 2017 жылы тұңғыш президент құрметіне ауыстырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 63 жастағы ер адам көп қабатты тұрғын үйдің оныншы қабатынан секіріп кеткені жайлы жазған болатынбыз.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тiркелді, оның 3-і Нұр-Сұлтанда. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1341-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері 1,7 млрд жымқырды деген күдікке ілінді