Выйти
RU

Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы қаулыға қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық банкті Алматыдан елордаға көшіру туралы сөздер бұрынан бері келе жатыр. Алайда, бүгін Ұлттық банкті көшіру күні белгілі болды. Мемлекет басшысы тиісті қаулыға қой қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті қайта ұйымдастыру жөніндегі қаулыға өткен жылдың желтоқсан айында қол қойған болатын. Мемлекет басшысы тиісті құжатқа қол қойғаннан кейін қаржы нарығын дамыту мен реттеумен айналысатын агенттік ашылды. Сол кезде Ұлттық банктің орталық аппараты елордаға көшетіні белгілі болған.

Бастапқыда Ұлттық банкті көшіру көктемде іске асырылады деп күтілген. Алайда, елімізде коронавирустың тарауына байланысты енгізілген карантин мен ТЖ режимі салдарынан оны кейінге қалдыру шешімі қабылданды.

10 сәуір күні президент Ұлттық банкті бірінші шілдеге дейін көшіру жөніндегі қаулыға қол қойды. Осыған байланысты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қаржы реттегіш мекеме бірінші кезекте жалдамалы ғимаратта орналастырылатынын хабарлаған болатын. Кейін оған арнайы бөлек ғимарат салынбақ.

Алайда, Ұлттық банк басшысы аппараттың елордаға көшуі Алматының қаржы орталығы мәртебесінен айырмайтынын жеткізді. Оған оңтүстік астанада халықаралық қаржы мекемелерінің үлкен бөлігі бар екені себеп болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы қаулыға қол қойды