Выйти
RU

Ақтөбеде шетелге шықпаған, науқаспен байланыста болмаған тұрғын вирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде тіркелген коронавируспен тіркелген 14-ші науқастың қауіпті дертке қалай шалдыққаны белгісіз. Белгілі болғандай, науқас шетелге шықпаған және инфекция анықталған адамдармен байланыста болмаған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде шетелге шықпаған, науқаспен байланыста болмаған тұрғын індет жұқтырды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінгі таңда COVID-19 анықталған 55 жастағы тұрғын жүрек ауруы, қант диабеті, артериялық гипертензиямен есепте болған.

"15 сәуір күні сағат 14:34-те жедел жәрдемге Ақтөбе қаласының 55 жастағы тұрғынынан шақырту түсті. Науқасқа жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті.

Ол үш күннен бері дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, әлсіздікті сезген. 16 сәуір күнгі таңғы сағат 5:00-дегі COVID-19 талдауы оң нәтиже берді.

Науқастың айтуынша, ол шетелге және Ақтөбе қаласының сыртына шықпаған және коронавирусы бар науқаспен байланыста болмаған",- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгінде өңірде вирус жұқтырғандар саны 14-ке жетті. 

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1341-ге жетті.

Сондай-ақ, айта кету керек, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде шетелге шықпаған, науқаспен байланыста болмаған тұрғын вирус жұқтырды