Выйти
RU

Алматылықтар карантинге жабылған қалаға заңсыз кіргені үшін қанша ақша төлеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алматылықтардың оңтүстік астанаға кіріп-шығу үшін қанша ақша жұмсағанын айтты. Жетісу ауданының әкімдік қызметкерлері бақылау-өткізу пунктінде пара алды деген күдікпен ұсталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар карантинге жабылған Алматыға заңсыз кіргені үшін қанша ақша төледі

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Карантин режимінің ережелеріне сәйкес, Алматы мен Нұр-Сұлтан бүгінде жабық тұр.

Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдіктерінің бірінің қызметкерлері қулыққа барды деп пайымдауда. Олар адамдарды ақша үшін блок-бекеттерден өткізіп тұрған.

Тергеу барысында Жетісу ауданы әкімі аппаратының 2 қызметкері анықталды - оларға қатысты пара алғаны үшін тергеу басталды.

Болжам бойынша, олар алматылықтарды бекеттен өткізіп тұрғаны үшін үнемі ақша алып отырды деген болжам бар. Пара мөлшері 280 мың теңгені құрайды. Қазір күдіктілердің екеуі де сот шешімімен қамауға алынды.

Әкімдік қызметкерлері үшін 366-бап, яғни парадан 6 немесе 7 есе жоғары айыппұл немесе тәркілену мен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, егер сот олардың кінәсін мойындаса, күдіктілер ешқашан мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайды.

Алматыдағы көліктік бақылау инспекциясының басшысы карантин кезінде пара алды деген күдік те бар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны жүк көліктерінің қалаға кіруіне рұқсат бергені үшін 330 мың теңге пара алды деп күдіктейді. Ол да құрықталды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар карантинге жабылған қалаға заңсыз кіргені үшін қанша ақша төлеген