Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар бағамы 427 теңгеге дейін өсті

Опубликовано:

Қор биржасындағы таңғы саудалардың нәтижесінде доллар бағамы қымбаттады. Таңғы сессияға сәйкес, америкалық валютаның бағасы 427,32 теңгені құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kurs.kz порталына сілтеме жасап.

Доллар бағамы 427 теңгеге дейін өсті
Фото: NUR.KZ: UGC

Осылайша, шетелдік валютаның бағасы 2,6 теңгеге өскен. Дегенмен оны еліміздегі айырбастау нүктелерінің кейбірінің ғана сатып алуға болады.

Республиканың үш қаласында ғана айырбастау пунктері жұмыс істеп жатыр – Қостанай, Риддер және Шымкент. Үшінші мегаполиста ақша айырбастау нүктелерінің көбі жұмысын жалғастыруда.

Порталдың ақпаратына сәйкес, Қостанай аумағында 1 долларды 428 теңгеге сатып алуға болады. Сату бағасы 432 теңгеге тең. Риддердегі сатып алу көрсеткіші 426 теңге және сату 432 теңгені құрап отыр.

Ал Шымкентте 9 ақша айырбастау нүктесі жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы дерлік 1 долларды 428 теңгеден сатып алып жатыр. Кейбір бөлімшелерде сатып алу құны 428,5 теңгеге бағаланып отыр.

Сату бағасы да өзгеруде. Мәселен бір айырбастау нүктесінде 1 доллар 429,8 теңгеге тең болса, енді бірінде 430 теңге.

Еске сала кетсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы қаулыға қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851123-elimizde-dollar-bagamy-427-tegege-dejin-sti/

pixel