Выйти
RU

Коронавирустан жазылған бозбала құрдастарына үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустан жазылып шыққан Дублин қаласының 17 жастағы тұрғыны Брэндон Фэй қызық қуып жүрген өзінің қатарластарын ойлануға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиға сілтеме жасап.

Науқас бозбала құрдастарына коронавирустың қаупі жайында ескерткен

Көрнекі фото: pixabay.com

Брэндон да наурыз айының аяғында жөтел, ентігу секілді коронавирустың алғашқы белгілері пайда болған.

Алайда ол бұған мән бермей, демікпе шығар деп жүре берген. Бозбала ауруханаға барып, тексерілген соң, өзінің COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын білген.

"Жарты сағаттан соң мені палатаға жатқызды. Тәбетім қашып, тыныс алуым қиындады. Әйтеуір, жансақтау бөліміне түспедім, маған аппарат та қоспады", – дейді Брэндон.

Ол өзінің жасына байланысты пневмония күйіндегі асқынған коронавируспен ауыруы мүмкін екеніне сенбеген көрінеді. Осы орайда Брэндон өзінің құрдастарына айтары бар екенін жеткізді.

"Достарымен бірге қыдырып, велосипед теуіп, топтасып жағалауға баратын құрдастарыма айтарым бар. Бір сәтке ойланыңдар, осы әрекеттерің жөн бе? Сендер вирус таратасыңдар ғой. Жақсы, өздерің жазылып кеттіңдер делік, алайда жақындарың, ата-анаң, ата-әжеңе жұқтырасың ғой. Оларды неге ойламайсыңдар?",– дейді бозбала.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, бұған дейін коронавирустан жазылып шыққан 99 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан жазылған бозбала құрдастарына үндеу жасады