Выйти
RU

«Кселл» Қазақстанда бірінші болып өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектері арқылы қызмет көрсетуді бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«Кселл» компаниясы Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында алғаш рет тестілік режимде activ желісінің SIM-карталарын сатудың жаңа арнасын енгізуде. Енді симкоматтар арқылы жоғалған SIM-картаны сатып алуға, ауыстыруға, eSIM орнатуға, теңгерімді оңай және жылдам толықтыруға болады.

«Кселл» Қазақстанда бірінші болып өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектері арқылы қызмет көрсетуді бастады

Өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршегі немесе симкомат - бұл абоненттердің ұялы оператор қызметтерін өз бетінше қосуларына/сатып алуларына арналған аппарат.

Қазіргі таңда, Алматыдағы Ramstore ALL INN* көпфункциялы кешенде симкомат пилоттық түрде іске қосылды. Оған қоса, алматылық №2 Орталық дәріхана ғимаратында екінші симкоматты орналастыру үрдісі жүріп жатыр. (тәулік бойы қолжетімді). Жақын арада бүкіл Қазақстан бойынша аппараттардың саны мен географиясын ұлғайту жоспарлануда.

Бүгінде Қазақстанда мұндай дүңгіршектер ешбір мобильді операторда жоқ.

activ симкоматтары пайдалануда қарапайым, абоненттің уақытын үнемдейді және үш тілде қызмет көрсетеді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Қазіргі жағдайларды және жалпыға бірдей карантинді ескере отырып, симкоматтар ұялы байланыстың базалық қызметтерін алудың неғұрлым қауіпсіз және жедел арнасы болып табылады.

Автоматты пайдалану үшін абонент басты экрандағы қызметтердің бірін таңдауы қажет: SIM-картаны ауыстыру немесе теңгерімді толықтыру. Жақын арада SIM-картаны сатып алу және eSIM орнату қолжетімді болады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Болашақта терминалдардың функционалын кеңейту жоспарлануда. Пайдаланушыларға компанияның басқа да қызықты және пайдалы қызметтері қолжетімді болады.

«Кселл» компаниясы Қазақстанда алғаш рет пилоттық режимде activ желісінің SIM-карталарын сатып алу, ауыстыру бойынша автоматтарды іске қосуда. Бұл қадам цифрландыруды, өзіне-өзі қызмет көрсетуді және пайдаланушылардың жайлылығын арттыруды дамытуға бағытталған. activ симкоматтары пайдалануда оңай, ыңғайлы интерфейспен ерекшеленеді, абоненттердің уақытын үнемдейді және әрқашан қолжетімді.
Осы қарапайым интерфейсті іске қосу үшін «Кселлдің» дизайнерлер мен продуктологтарынан бастап әзірлеушілерге дейінгі кәсіпқойлар командасы зор еңбек етті. COVID-19 пандемиясына және Төтенше жағдай режимін ұзартуға байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, симкоматтар ұялы байланыстың базалық қызметтерін алудың неғұрлым қауіпсіз және жылдам тәсілі болып табылады.
Оның үстіне, болашақта мұндай автоматтар шығындарды азайтып, желінің дамуына ықпал ететін болады. Шетелде мұндай терминалдар әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде үлкен сұранысқа ие. Бұл симкоматтар қазақстандықтар арасында да танымал болады деген үміттеміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Каспарс Кукелис.

*мекенжайлары:

  • №2 орталық дәріхана - Назарбаев даңғылы 91/97
  • Ramstore ALL INN - Назарбаев даңғ. 226

*PR құқығында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
«Кселл» Қазақстанда бірінші болып өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектері арқылы қызмет көрсетуді бастады