RU

Қазақстанда 17-адам коронавирустан қайтыс болды

Алматыда COVID-19 инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Осылайша Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар 17 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

coronavirus2020.kz Телеграм арнасының мәліметінше, коронавирустық инфекция расталған науқас кеше, 15 сәуір күні көз жұмған.

1960 жылғы ер адам жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Ол ауыр халде болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, марқұм Алматыда COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған үшінші адам.

Жалпы бүгін күнге дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1341 адам тіркелсе, оның 393-і осы Алматы қаласында. Олардың 60-ы ауруынан айыққан.

Сондай-ақ, Алматыда вирус жұқтыру қаупі басым топқа жататын адамдарды жедел-тестілеуден өткізу басталып кеткенін белгілі болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, өзі де және атқарушы органның кейбір қызметкерлері де жедел-тесттен өткен.

Сағынтаевтың айтуынша, өзінің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851148-kazakstanda-17-adam-koronavirustan-kajtys-boldy.html