RU

"Ол өзі не істепті": Динара Сәтжан өзін маска сатқаны үшін сынаған Түсіпбаеваға жауап берді

Отандық танымал дизайнер әрі тележүргізуші Динара Сәтжан өзін ел басына түскен қиын кезеңде масканы тегін таратпай, сатқаны үшін сынға алған Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді. Әнші оны бұл әрекетке пайда көру мақсатында барды деп айыптаған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Меруерт Түсіпбаеваның шоу-бизнес өкілдерімен орын алған дауы әлі тоқтар емес. Бұл жолы өнер иесіне белгілі дизайнер Динара Сәтжан жауап берген. Тележүргізуші Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, өзіне тағылған кінәның орынсыз екенін түсіндірді.

"Бір әнші әбден қытығыма тиіп бітті. Атын жазбаймын. Маған жана ғана оның берген сұхбатын жіберіп берді. Мені маска тігіп жатқаным үшін айыптап жатыр екен.

Біріншіден, менің қызметкерлерімнің де отбасы мен бала-шағасы бар. Олар да тамақ ішкісі келеді. Мен оларды жұмыссыз қалдыруға құқығым болмады.

Екіншіден, біз наурыз ортасында тіге бастаған маскаларды мен бірден біз үйде отырғанда жұмысын жалғастырып жатқан журналист әріптестеріме апарып бердім.

Үшіншіден, оған қарағанда біз әріптестерімізбен бірге балалар ауруханаларына барып, түрлі тәттілер, көкөністер, Агуша мен маскалар апарып бергенбіз. Бұл әрекетімізбен ел басына туған жағдайда дәрігерлерге қолдау білдіргіміз келді.

Бұл жерде сұрақ туындайды. Ол өзі не істепті? Шынымды айтсам, маған ол не айтса да бәрібір. Алайда, кейде көпшілікке осылай кімнің кім екенін түсіндіруге тура келеді" , - деп жазды Динара Сәтжан .

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева ТЖ кезінде маска тігіп сатқан жұлдыздарды сынап тастаған болатын. Әншінің қаһарына белгілі дизайнерлер Леонид Жеребцов пен Динара Сәтжан ұшыраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851158-ol-zi-ne-istepti-dinara-stzan-zin-maska-satkany-sin-synagan-tsipbaevaga-zauap-berdi.html