Выйти
RU

Парагвайда өлдіге саналған әйел адам тіріліп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Парагвайдың оңтүстігіндегі Коронель-Овьедо қаласында өлі деп танылған әйел адам жерлеу бюросында есін жиған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

"Марқұмды" тексеру кезінде оған жан біткен

Фото: pixabay.com

11 сәуір күні аналық без обырымен ауыратын 46 жастағы Глэдис Родригес де Дуартенің қан қысымы жоғарылап, жекеменшік ауруханаға түседі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 9.30-да оны Эриберто Вера есімді дәрігер тексереді. 2 сағат өткен соң, дәрігер Дуартенің өлімін тіркеп, қаралы хабарды күйеуі Максимино мен қызы Сандраға жеткізеді.

Дәрігер Дуартенің өліміне аналық без обыры себеп болғанын көрсетіп, арнайы құжатты дайындап қояды.

Аурухана қызметкерлері әйел адамды өлгендердің денесін салатын қапқа салып, туыстарының рұқсатымен жерлеу бюросына жіберген.

Ал бюро қожайыны "марқұмды" тексеру кезінде оның қимылдайтынын байқаған. Осыдан кейін Дуартені бірден ауруханаға жеткізіп, оны дәрігердің бақылауына қалдырған.

Бұны естіген әйел адамның қызы дәрігерді анасына салғырттық танытты деп айыптаған.

"Ол науқасты өлі деп санап, тіпті жанын сақтап қалуға тырыспаған. Біз аурухана қызметіне сенгендіктен анамызды сонда жатқыздық. Алайда олар оны аппараттан ажыратып, жерлеу бюросына бір-ақ аттандырған", – деп шағымданды Дуартенің қызы.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл жайтқа қатысты тергеу амалдары басталып кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін түн ортасында қайтыс болып, 90 минуттан кейін қайта көзін ашқан Австралияның 59 жастағы тұрғыны жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Парагвайда өлдіге саналған әйел адам тіріліп кетті