Выйти
RU

42 500 теңге алуға құқылы қазақстандықтардың тізімі өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі Төтенше жағдай және карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға төленетін 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны тағайындау ережелері өзгерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42 500 теңге жәрдемақы алу ережесі өзгерді

Фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тиісті бұйрыққа қол қойған. Бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді.

Осылайша, енді жәрдемақы келесі санаттағы тұлғаларға төленеді:

  • Жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларына;
  • Жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін ірі кәсіпкерлік субъектілердің жұмысшыларына;
  • жеке практикамен айналысып жүрген тұлғаларға;
  • ҚР Салық Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғаларға;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
  • жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан мемлекеттіктен өзге, коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне.

Айта кету керек, 1 және 2-тармақтар ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жұмысшыларына қатысы жоқ.

Жәрдемақыны кімдер ала алмайды:

  • ТЖ режимі енгізілгенге дейін МӘМС жүйесіне қатыспаған қазақстандықтар;
  • БЖТ төлеген, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспағандар;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс тауып, ТЖ режиміне дейін зейнетақы қорына ақша салмаған жеке тұлғалар;
  • ек жұмыста қатар істеген, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысқан қазақстандықтар қазір қашықтан бір жұмысын істеп жүрсе;
  • ТЖ режимі енгізілгеннен кейін ғана бірінші рет БЖТ төлегендер, егер олар қазірдің өзін де зейнетақы немесе әлеуметтік жәрдемақы алатын болса;
  • шетелге көшуіне байланысты тіркеуден алынғандар.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Өзгерістер бүгіннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42 500 теңге алуға құқылы қазақстандықтардың тізімі өзгерді