Выйти
RU

Төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алған адамдардың мәліметін қайта тексеріп шығатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрліктің мәліметінше, 42 500 теңгеге өтінім бергендердің ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер бар.

Тіпті, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де әлеуметтік төлемге тапсырыс берген. Осыған байланысты төтенше жағдайдан кейін барлық төлем тексерілмек.

"Төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулар қайта қаралады. Әрбір өтінімде көрсетілген деректердің шынайылығы тексеріледі. Қазақстан азаматтары 42 500 теңгеге өтінім бере отырып, төтенше жағдайға дейін кірістің болғанын және оны жоғалтқанын растайды.
Ал әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы қылмыстық кодекстің 190 және 195-баптары бойынша қаралады", - делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Осы орайда комиссия әлеуметтік төлемді қайтаруға болатынын еске салды.

"Егер өтініш беруші әлеуметтік төлемді қайтаруға шешім қабылдаса, онда ақшаны келесі шотқа жіберуге болады", - делінген хабарламада.

Алушының атауы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

 БСН: 160440007161

 БСК: GCVPKZ2A

 ЖСК: KZ67009SS00368609110

 ТТК: 049

Ал Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады.

Еске сала кетейік бұған дейін министрлік 42500 теңге алу үшін қайтыс болған және шетелде тұратын адамдардың атынан атынан өтініш түскенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды