Выйти
RU

Алматыда 30 маусымға дейін барлық бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маусымның соңына дейін Алматы қаласында барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Бұл шектеу вирустың таралуын болдырмау үшін жасалып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Айта кетейік, наурыздан бастап Қазақстанда көптеген спорттық және мәдени шаралар тоқтатылған. Биыл дәстүрлі түрде ел деңгейінде тойланатын Наурыз мейрамына да рұқсат берілген жоқ.

Төтенше жағдай мамырдың басына дейін созылғанына қарамастан, Алматыда жаппай шараларға тыйым салу маусым айының 30-жұлдызына дейін жалғасатыны белгілі болды.

Көп адам қатысатын мәдени шаралардың өтуіне қашан рұқсат берілетіні әзірге белгісіз.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1362-ге жеткен.

Бүгін 17-науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әкімі шаһарда ірі сауда орталықтары мен мейрамханалардың шамамен қашан ашылатынын мәлім еткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 30 маусымға дейін барлық бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды