Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 277-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясынан жазылғандардың саны 277-ге жетті. Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 2 адам сауығып, ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан бойынша жазылғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 154

Алматы қаласы – 67

Шымкент қаласы – 2

Ақмола облысы – 8

Ақтөбе облысы – 2

Алматы облысы – 7

Атырау облысы – 15

Жамбыл облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 4

Қызылорда облысы – 6

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 5

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1362-ге жетті.

Бүгін 17-науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 277-ге жетті