RU

Елордада коронавирус жұқтырған 9 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Cұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сәуле Қисықованың сөзінше, елордада осыған дейін вирусты жұқтырған жалпы 316 адам анықталған.

"Оның 47 пайызы ерлер, 53 пайызы әйелдер. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 43 пайызы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар. 26 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 16,5 пайызы – 50-59 жас аралығындағы адамдар болса, 9 пайызы 60-69 жас аралығындағы азаматтар. 3 пайызы – 70 және одан үлкен жастағы кісілер. 3,4 пайызы – 18-ге толмаған балалар" , - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның сөзінше, бүгінге дейін елордада 154 адам COVID-19-дан емделіп шыққан. Дегенмен олар үй жағдайындағы карантинде тағы 14 күн бойы болуы тиіс.

"Сонымен қатар бүгін ауруханадан бір шетел азаматы жазылып шықты. Аталған азамат Стамбул-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген болатын. Қазіргі уақытта ауруханаларда 399 науқас ем алуда. Оның 170-і коронавирустан емделушілер. Оның ішінде 10 науқас – басқа облыстардың тұрғындары. Сонымен қатар 9 науқастың жағдайы ауыр халде. Оның төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты", - дейді Сәуле Қисықова.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1362-ге жетті.

Бүгін 17-науқастың көз жұмғаны жайлы белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851216-elordada-koronavirus-zktyrgan-9-naukasty-zagdajy-auyr.html