Выйти
RU

"Тұрақты жұмысы бар": 42500 теңгеге өтінім берген бюджет қызметкерлері ұятқа қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 42 500 теңге әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша есеп берді. Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемге барлығы 5,9 миллион өтінім түскен. Оның ішінде 2,15 миллион, яғни 37 пайызына төлем тағайындалмаған. деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Белгілі болғандай, ТЖ кезінде табысынан айырылған 3 миллионнан астам адамға 42 500 теңге әлеуметтік төлем жіберілген. Қаржының жалпы көлемі – 127 миллиард теңгені құраған.

Ведомство мәліметінше, барлығы 5,9 миллион өтінім түсті. Оның ішінде 2,15 миллион, яғни 37 пайызына төлем тағайындалмаған.

Әлеуметтік төлем берілмеуінің себебі төмендегідей:

  1. 157 мыңға жуық өтінімде адамның жеке дерегі дұрыс көрсетілмеген. Бір әріпте немесе санда қате кетсе, әлеуметтік төлем тағайындалмайды.
  2. 80 мыңға жуық өтінімде банк деректері дұрыс жазылмаған. Өтінім бергенде банк атауы мен IBAN-ды (шоттың 20 белгіден тұратын нөмірі) көрсету қажет. Көбісі банк картасының нөмірін жібере салған.
  3. Өтінім берушінің тұрақты жұмысы бар болып шыққан. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де бар.
  4. 863 мыңға жуық өтінімді зейнетақы және жәрдемақы алушылар жіберген. Олар төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс істемеген.
  5. 1,16 миллион өтінім бойыша соңғы 12 айда ешқандай әлеуметтік аударым жасалмаған, бір рет болса да, бірыңғай жиынтық төлем аудармаған. Ондайда 42 500 теңге берілмейді.
  6. 534-ке жуық өтінім қайтыс болған адамдардың атынан немесе Қазақстаннан тыс жерде тұратындардың атынан жіберілген.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

"Өтінім беруші ұсынған деректерді тексере келе, жұмыс берушінің қашықтан жұмыс істеуге рұқсат еткені немесе толық емес жұмыс күніне ауыстырғаны, ұйымның жалпы амалсыздан тоқтап тұрғаны анықталуда. Бұндай жағдайда жұмыс беруші тарап жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс. Дегенмен ұйым басшылығы жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберетіні жайлы бұйрық шығармаса да, жұмысшылар "42 500 теңге" төлемге өтінім беруге әрекеттенуде",- делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы орындармен бірлесе отырып, жалдамалы жұмысшы болып саналатын өтінім берушілердің ақысыз демалысқа шыққаны я шықпағанын тексеруге кірісті.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тұрақты жұмысы бар": 42500 теңгеге өтінім берген бюджет қызметкерлері ұятқа қалды