Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңге: Министрлік алаяқтар пайда болғанын мәлім етті

Опубликовано:

Төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға арналған Telegram мессенджерінде бейресми боттар пайда болды. Онда бірыңғай жиынтық төлемді өздері көрсеткен шотқа жіберу керек екені жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты растап, ел тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Телеграм мессенджерінде 42 500 әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғаны бұның алдында да хабарланды. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды", - деді министрліктің ресми өкілі Данияр Рамазанов.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өтінімді ресми боттар арқылы беруді сұрады.

Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем жасауды ұсынбайды.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851223-42500-tege-ministrlik-alaaktar-pajda-bolganyn-mlim-etti/

pixel