RU

Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады (видео)

Қарағанды облысында МиГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

"2020 жылдың 16 сәуірі күні Қарағанда қаласының маңында әскери кезекшілікке дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР Әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады", - делінген хабарламада.

Оқиға Қарағанды қаласының әуежайынан оңтүстікке қарай орыналасқан жерде орын алды.

Ведомство мәліметінше, ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шыққан.

"Катапульттеуге команда алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елді мекенге қарай бағыттады, халыққа ешқандай қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман", - деп мәлім етті қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеруге комиссия тағайындалған.

Оқиға орнына әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметінің жасағы барған.

Оқырмандар желіде апатқа ұшыраған әскери ұшақтың пилоттарын ауруханаға тікұшақпен алып барғанын жазған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851230-karagandy-oblysynda-skeri-sak-apatka-syrady.html