Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантинде теннис ойнаған көкшетаулық банкир үш тәулікке қамалды

Опубликовано:

Көкшетауда Ұлттық банктің Ақмола облыстық филиалының директоры Виталий Чеусовті төтенше жағдайда теннис ойнап, карантин тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік сот үш тәулікке абақтыға жапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Карантинде теннис ойнаған банкир үш тәулікке қамалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Телеарнаның мәліметінше, теннис ойнаймын деп басы дауға қалған Виталий Чеусов ғимарат ішінде ұжымдық кездесуді өзі ұйымдастырған.

Банкирдің жиынына келген қарамағындағы 8 адамның маскасы болмаған. Сондай-ақ, Чеусов банктердің жұмыс уақытын бір жарым сағатқа қысқартқанына мән бермеген.

Ол өзінің лауазымына қарамастан, қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірген делінді сотта.

Әкімшілік құқықты бұзғаны үшін сот Виталий Чеусовты үш тәулікке қамауға алуға шешім шығарды. Десе де, ол шешіммен келіскен жоқ.

"Бұл маған қасақана қарсы жасалған қастандық. Банктен қызметтен кеткендердің аяқтан шалуы. Олар қарамағымдағы қызметкерлерден ақпарат алған болып отыр. Әйтпесе рейд кезінде комиссия банктің қай бұрышында жиналғанымызды қайдан білді? Олар бірден сол залға кіріп келді", - деді Ұлттық банктің Ақмоладағы филиалының директоры Виталий Чеусов.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған әкімі карантин режимін бұзғандарға қатаң ескерту жасаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851254-karantinde-tennis-ojnagan-kksetaulyk-bankir-s-tulikke-kamaldy/

pixel