RU

Өзбекстандық маман көршілес Тәжікстанда неліктен әлі күнге дейін коронавирус жоқ екенін айтты

Өзбекстандағы оба, карантин және аса қауіпті жұқпалы инфекциялардың алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың тырысқақ зертханасының меңгерушісі Маруфжон Мадаминов Тәжікстанда әлі күнге дейін коронавирустың неліктен жоқ екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

Мадаминов Тәжікстанда неліктен әлі күнге дейін коронавирус анықталмағанын түсіндірді
Фото: Sputnik/Рамиз Бахтияро: UGC

Мадаминовтың ойынша, Тәжікстанда уақтылы қабылданған шаралардың арқасында коронавирус әлі анықталған жоқ.

"Бұл менің жеке пікірім, ол басқа сарапшылардың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ олар (Тәжікстан билігі - ред.) адамдардың шекарааралық қозғалысына шектеу шараларын өте ерте бастады", - дейді Маруфжон Мадаминов.

Сарапшы Тәжікстанның кез келген жағдайға дайын болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Тәжікстан бүкіл әлемді жайлаған COVID-19-дың неліктен Тәжікстанға жетпегенін анықтауға тырысып көрген еді.

Себебі Жер бетінде екі миллионнан аса адам жұқтырған коронавируспен ауырған адам Тәжікстанда жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1400-ден асты. Ал көрші Өзбекстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1349-ға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851258-bekstandyk-maman-krsiles-tzikstanda-nelikten-li-knge-dejin-koronavirus-zok-ekenin-tsindirdi.html