Выйти
RU

"Берілмейді деген жауап келді": Шымкентте 42500 теңге ала алмағандар шу шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте 42 500 теңгеге қолы жетпеген көпбалалы аналар, мүгедектер мен жетім-жесірлер "Нұр-Отан" партиясының алдында жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте 42500 теңге алмағандар шу шығарды

Фото: Видеодан кадр

Партия филиалының алдына жиналып, жанайқайын айтқан тұрғындардың бірі- Шымкент қаласының тұрғыны Айгүл Байысбаева.

42 500 теңгеге қолы жетпей қалған жалғызбасты әйел адам азық-түлікті қарызға алып жүргенін айтып, егіле жылады.

"Кеше көршілерім тамақ берді, біреу – картобын, біреуі – майын. Сонымен күн көріп жүрмін. Қарызым 12 мыңнан асып кетті, оны бере алмай отырмын. 42 мыңға өтініш бергенмін, берілмейді деген жауап келді", - дейді ол.

Айгүл Байысбаева мүгедек баласымен жалдамалы пәтерде тұрады екен. Оған қоса төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмектен де қағылыпты.

Ал әкімдік көмек сұрап келгендерді партияға сілтеп жатқан көрінеді, мұқтаж жандардың ары-бері сандалғандарына 10 күн болған.

Нұротандықтар болса әлеуметтік көмекке қатысты шаруалардың аудандық әкімдіктердің мойнында екенін айтады.

"Бізге келетін 20-30 адамның жартысынан көбі 42500 сұрайды. Оған "Нұр Отан" партиясының ешқандай қатысы жоқ. Егер де аудан әкімдіктерінің қызметкерлері "Нұр Отанға" жіберіп отырса, олар өз міндеттерін басқа біреуге жүктегісі келіп отыр. Жалпы, бұл дұрыс емес. Біз бұл мәселені қала әкімінің алдында да айттық. Бұл мәселеге мұқият қарау керек", - дейді "Нұр Отан" партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 42 500 теңге алуға құқылы қазақстандықтардың тізімі өзгергенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Берілмейді деген жауап келді": Шымкентте 42500 теңге ала алмағандар шу шығарды