Выйти
RU

Алматылық лауазымды полицейдің жастықпен түскен суреті желіде қалай тарап кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда Полиция депарменті басшысының орынбасары Берік Әбілбековке қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұған тәртіп сақшысының жастықпен түскен суреті себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған сурет және көрнекі фото: NUR.KZ

Желіде тараған сурет және көрнекі фото: NUR.KZ

Айта кетейік, бұған дейін желіде өзін жастықпен жауып тұрған полиция қызметкерінің суреті пайда болған еді. Шамасы, құқық қорғау органының қызметкері "карантиндік челленджге" қатысқан.

Суреттен ер адамның жатын бөлмеде тұрғаны көрінеді. Ол айнаға қарап суретке түскен.

Оңтүстік астананың Полиция департаменті аталмыш хабарламаға қатысты пікір білдірді. Ведомство бұл сурет Берік Әбілбековтің жеке мұрағаты үшін жасалғанын атап өтті.

Алайда, бұл сурет ғаламторда тарап кеткен. Полиция бұл факті бойынша тексерісті бастаған. Ведомствоның хабарлауынша, сурет полицейдің жұбайының аккаунтында жарияланған. Ал аккаунтты қаскөйлер бұзған.

Сонымен қатар, полиция подполковник Әбілбековтің өзі әлеуметтік желілерде тіркелмегенін атап өтті.

Айта кетейік, жастықпен суретке түскен азаматтың жеке басы бұған дейін расталмаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жауырда әлемде жастықпен суретке түсу челленджі басталғанын, оны біздің отандық жұлдыздар да жалғастырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық лауазымды полицейдің жастықпен түскен суреті желіде қалай тарап кеткен