RU

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 68 адам тіркелді

Қазақстанда COVID-19 инфекциясы тағы 68 адамнан анықталды. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1470-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуір 10:05-тегі эпидемиологиялық жағдай:

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 68 адам:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Алматы қаласы - 44, Шымкент қаласы - 1, Түркістан облысы - 2, Қызылорда облысы - 9, Атырау облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 4, Павлодар облысы - 2, Қарағанды облысы - 3.

Жалпы еліміз бойынша, бүгінгі күні COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1470-ді құрап отыр. Оның 277-і вирусты жеңіп шықса, 17-і қайтыс болды.

Айта кетейік, 17-науқастың көз жұмғаны жайлы 16 сәуірде белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді.

Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.

Ал коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

Сондай-ақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған елордадағы пациенттер жайлы айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1851288-koronavirus-zktyrgan-tagy-68-adam-tirkeldi.html